Қинайды мені ойымнан кетпей мүсінің,
Ғашықпын саған, жүрегім - жалын, іші - мұң.
Танысқым келіп талпынам, бірақ амал не,
Тынамын іштей, себебі сенен кішімін!
Мен үшін өзің қол жетпес биік бір шыңсың,
Күрсінді жүрек, күрсінсін, мейлі, күрсінсін.
Қылығы тәтті-ақ, аққудай аппақ сен менің,
Жанымды мынау тербеткен ғажап тылсымсың...
Тулайды жүрек, сол кезде сен деп шарқ ұрам,
Ғашықпын саған, бейнеңе талай балқығам.
Жырымнан жазған артығын көрсең, кешірші,
Өзіңе деген оянған сезім бар кінәм! Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Ғашықпын, Гашыкпын сөзі, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store