Анама сөзі

Серікбол Қадемов

Анама

0
0

Бөлісу:


Сенсіз, ана, бұл өмір мәнді ме еді,
Сенсіз, ана, бұл өмір сәнді ме еді?
Қайда жүрсем тек сенің құдіретің,
Қолдап-қорғап жүретін мәңгі мені.
 
Ақ сүтіңнен мен сенің нәр алғанмын,
Нәр алғаннан ұлың боп жаралғанмын.
Қарыздармын, сол үшін сен мәңгіге,
Шыңындасың мендегі ақ арманның.
 
Ана! Ана! Айналдым есіміңнен!
Әлдиледің сен мені бесігіңмен.
Балалықпен ұрынсам қателікке,
Қарағансың сан рет кешіріммен.
 
Сыйлағансың әлемнің маған нұрын,
Өзіңменен бақытты балаң бүгін.
Бұл өмірде қымбаты алтыннан да,
Ана, сенің, мен үшін, амандығың!
 
Қуанышын өзіңмен беріп әр таң,
Сенде ғана көңілдің кеңі дархан.
Біздер жүрсек жастықтың базарында,
Бәрі, бәрі, анашым, сенің арқаң!
Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Анама, Анама сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015