Кел маған сөзі

Серік Ибрагимов

Кел маған

18
0

Бөлісу:



Жүрегімді жылатпа жаным,
Мейлі мені сағынба сағын.
Арман болған түндердің, 
Бірге жүрген күндердің,
Аламысың есіңе бәрін.
Тоғыспады өзіңмен жолым,
Мейлі маған көрінбе көрін.
Тауыссаңда төзімді, 
Күтіп жүрмін өзіңді,
Жүрегімнің ұсынып төрін.
 
Қайырмасы:
Жаным іздеймісің үзбеймісің,
Үміттей нәзік гүліңді.
Сенбейсің сезбейсің,
Мен сені сүйетінімді.
Жаным іздеймісің үзбеймісің,
Үміттей нәзік гүліңді.
Сенбейсің сезбейсің,
Мен сені сүйетінімді.
 
Іздеп жүрмін сыртыңнан сұрап,
Мейлі мені ұнатпа ұнат.
Арманым деп еңселіп,ардақтаймын мен сені,
Сезімімді бағала бірақ.
Ертеңіміз біздердің жұмбақ,
Мейлі маған тіл қатпа тіл қат.
Бір өзіңмен тең бағым,
Кел, маралым, кел маған,
Түн ұйқымды кеттіңғой ұрлап.
 
Қайырмасы:
Жаным іздеймісің үзбеймісің,
Үміттей нәзік гүліңді.
Сенбейсің сезбейсің,
Мен сені сүйетінімді.
Жаным іздеймісің үзбеймісің,
Үміттей нәзік гүліңді.
Сенбейсің сезбейсің,
Мен сені сүйетінімді.
серік, ибрагимов, серик, serik, ibragimov, ibragimob, Кел маған, Кел маган mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Куралай

05 Қараша 2016

Кущти

Толкынай Сейткасым

12 Қараша 2016

мен егерр Серик агамен кездессем колын алар едим бул оленге созим жок бир кушти асер аласын отеее тамаша кушты енди созбен айтып жеткизе алмаймын

Гулнур Зейнулла

03 Тамыз 2017

кушты ан соз жок

Ырысты Сулейменова

17 Тамыз 2017

кушты өлең маган каты ұнайды

Айдос Балпашова

01 Қыркүйек 2017

маған бұл өлең ұнайды

Калдыкул Аманбаева

21 Наурыз 2018

Рахмет,олен унады адемй олен.

GM

Сөзін қосқан

20.10.2015
Бейнеклип
Серік Ибрагимов
Кел маған