Қазақпыз бәріміз сөзі

Серік Ибрагимов

2016

13
0

Бөлісу:



Алтай мен Атыраудың арасында,
Есіл мен Жайық, Каспий жағасында.
Ән салып бар қазақтың даласында,
Өссін мерейің енді!

Қазағым таусылмайтын жыр емес пе?
Әр елдің салты басқа, тілі ерекше.
Байқадым ән салып жүріп бүгін ерекше,
Шырқап берейін енді!

Ордалы Оңтүстік бәрі бар Ояқта,
Беймарал жүремін болсамда қаяқта.
Бұяқта бәріміз әпшем мен көкем ғой,
Өлә деп қалжыңдап.
Ән салып кетемін ғой!

Жетісу шалқып шалқып жетсе дейді,
Оңтүстік қонақ болып өтсе дейді.
Шоқ-шоғынан қыстырып кетсе дейді,
Жаса ордалы елім!

Батысқа не хабар деп келемін ғой,
Ай, сау, бош дейтін жұртты көремін ғой.
Өнерің үстей берсін, дегенім ғой,
Жаса батысым менің!

Батысым не зат деп қарайсың бәріне,
Құлақ салып тыңдашиш.
Сау болшы деп әніме,
Өзіңде, сөзіңде айналған сәніме.
Ризамын ағайын, тумалас бәріңе!

Жә, кеттік алда Алтай, Шығысым бар,
Тарылмас немене тегі тынысым бар.
Шығыста шалқып шатқан ырысым бар,
Жаса Шығысым менің!

Аязы тоңдырар деп құлағымды,
Ақырын тартып кидім тұмағымды.
Арнадым тағы өзіңе жыр әнімді,
Жаса Арысым менің!

Күлімдеп, күн шыққан Шығысым емес пе?
Шоян болып тасыған ырысым емес пе?
Ән, суы болса да, құлағым тоңса да,
Солтүстік ыстық қой қазағым баршаңа!

Батыс болса да, Шығыс болса да,
Әзілім жарасып, бір ойнап күлейік.
Оңтүстік деген, Солтүстік деген,
Бір атаның баласындай бірге жүрейік!

Қалжыңды сүйетін қазағым дарасың,
Әзілмен әндетіп табайық жарасым.
Мәңгілік мекенім, тілі бай әуезді,
Айналып өтемін қазақтың даласын!
серік, ибрагимов, серик, serik, ibragimov, ibragimob, Қазақпыз бәріміз, Казакпыз баримиз mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Құлбатыров Нұржар

20 Сәуір 2016

Өте керемет ән.Мен өзім батыс жақтанмын.

Қонақ

20 Сәуір 2016

иа.

Абылайхан

23 Сәуір 2016

өте жақсы əн

диана

02 Мамыр 2016

Кушти ан екен осындай олен коп болсын

Алихан

05 Мамыр 2016

кушті

ерлан

08 Мамыр 2016

керемет оркенин оссин

Месси

08 Маусым 2016

оте жаксы ан

джеки

06 Шілде 2016

браво

Диана Алтайқызы

03 Тамыз 2016

Өте керемет əн

Anonymous

10 Ақпан 2017

Маған ән ұнады

Tastemir Kadirov

Сөзін түзеткен

27.06.2016
Қолданушылар
Бейнеклип
Серік Ибрагимов
Қазақпыз бәріміз