Деме сен (ft. Әйгерім Мергенбаева) сөзі

Серік Ибрагимов

2017

5
1

Бөлісу:



Әлдекім құсап дәурен сап,
Жүрмедім жайқап деме сен,
Қанағат, тоқтам, ар, нысап -
Қасиеттер ғой ең әсем.

Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Сүйеніш болып мен есен.

Талқыға салса тіршілік,
Таршылық көрдім деме сен.
Қаламын ширап, құлшынып,
Өзің бір сүйеп демесең.

Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Сүйеніш болып мен есен.

Ағаттық етсем кейде мен,
Ақылдан жұрдай деме сен.
Баяғы балғын бейнеңмен,
Жүздетіп күнде кеңесем.

Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Сүйеніш болып мен есен.
серік, ибрагимов, серик, serik, ibragimov, ibragimob, Деме сен (ft. Әйгерім Мергенбаева), Деме сен (ft. Айгерим Мергенбаева) mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Жанна

Сөзін түзеткен

15.08.2017
Қолданушылар