Бай бол сөзі

Серік Ибрагимов

2016

3
0

Бөлісу:



Теп тегіс жерлерде тайғанап жүрсең
Бай бола алмайсың ай қарап жүрсең
Есіңді бір жиып ойлана білсең
Сонда бай боласың

Жақсылар жиналып маңайыңа да
Дүние толады сарайыңа да
Тілерін туысқан ағайынға да
Әрқашан сен бай бол
Байлыққа тек сай бол

[Қайырмасы:]
Арманыңа бай бол
Талғамыңа бай бол
Қорғаныңа бай бол, Қазағым менің
Ұрпағыңа бай бол
Ұраныңа бай бол
Қыраныңа бай бол, Қазағым менің

Бұл байлық кеп тұрсын керегеңе еніп
Қартаймай жүре бер немере көріп
Байлығың қасыңа шөберең еріп
Солармен сен бай бол

Иманға бай болған ата тегің де
Егіске бай болған қара жерің де
Тамаша тәуелсіз туған еліңде
Әрқашан сен бай бол
Байлыққа тек сай бол

[Қайырмасы:]
Арманыңа бай бол
Талғамыңа бай бол
Қорғаныңа бай бол, Қазағым менің
Ұрпағыңа бай бол
Ұраныңа бай бол
Қыраныңа бай бол, Қазағым менің
серік, ибрагимов, серик, serik, ibragimov, ibragimob, Бай бол, Бай бол mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Даулет Аяулым

16 Маусым 2016

базар жок Сека

Admin

Сөзін қосқан

08.06.2016