Үмітім менің сөзі

Сейітқали Қайырғалиев

Үмітім менің

0
0

Бөлісу:


Көліне ұшқан аққу, қаздай көктегі,
Саған деген сағынышым бітпеді.
Сол бір жылдың бір кездескен көктемі
Мәңгілікке көз алдымнан кетпеді.
 
Қайырмасы:
Өзің деп тілегім, соғады жүрегім,
Арманым болып сен ғана.
Ойдағы сезімсің, бақытым өзіңсің
Жалғанда маған бір ғана.
 
Гүлге қонған көбелектей айналып,
Жүрегіңнен бақытымды іздедім.
Арманымның қанатына байланып,
Өзіңнен мен үмітімді үзбедім.
 
Қайырмасы:
Өзің деп тілегім, соғады жүрегім,
Арманым болып сен ғана.
Ойдағы сезімсің, бақытым өзіңсің
Жалғанда маған бір ғана.
 
Құзға шыққан жалғыз ғана шынардай
Алдың билеп қиялымды өзіңе.
Анам таққан мойнымдағы тұмардай
Сонша ыстық көрінесің көзіме.
 
Қайырмасы:
Өзің деп тілегім, соғады жүрегім,
Арманым болып сен ғана.
Ойдағы сезімсің, бақытым өзіңсің
Жалғанда маған бір ғана.
Сейітқали Қайырғалиев, Сейиткали Кайыргалиев, Үмітім менің, Умитим менин сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

30.10.2015