Махаббат нәзік сөзі

Сейдолла Байтереков

Махаббат нәзік

0
0

Бөлісу:


Жадырап жүзің күлгенде,
Жарықсың, жаным, күннен де.
Көзіңнің гауһар ұшқыны
От болып жанды кеудемде.
 
Қайырмасы:
Арайлап атқан ақ таңда,
Аққулар қанат қаққанда.
Қуандың толқып, сен мені
Сағынып келе жатқанда.
 
Сүйкімді, жарқын тұлғаңды,
Еске алсам көңіл нұрланды.
Ән болып кетті айнала,
Қуаныш қаптап бұл маңды.
 
Қайырмасы:
Арайлап атқан ақ таңда,
Аққулар қанат қаққанда.
Қуандың толқып, сен мені
Сағынып келе жатқанда.
 
Махаббат нәзік гүлден де,
Махаббат асқақ күннен де.
Жаныңның жарқын жарығы
Жарқырап қалды бір менде.
 
Қайырмасы:
Арайлап атқан ақ таңда,
Аққулар қанат қаққанда.
Қуандың толқып, сен мені
Сағынып келе жатқанда.
Сейдолла Байтереков, Сейдолла Байтереков, Махаббат нәзік, Махаббат назик сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

30.10.2015