Күнге табыну сөзі

Сейдолла Байтереков

0
0

Бөлісу:


Шыққанда шұғылаңнан жадырап,
Тәжім етер, саған шексіз атырап.
Ару күлім қаққандай, сәуле құшқан шақтарда,
Жас жүрегім қалар ма күй ақтармай.


[Қайырмасы]
Төңірекке шырай, көрік таратып,
Дүниені бір өзіңе қаратып.
Шалқып, тасып келе берші,
Нұр сәулеңді төге берші,
Маған бақыт бере берші, ару Күн.


Жағасына мөлдір көлдің барғанда,
Сәулетіңе назар ауып қалғандай.
Осынау бір шақтарда, арман күлім қандай,
Алтын айна көл түбінде жатқандай.


[Қайырмасы]
Құдірет күш бір өзіңнен табылған,
Саған мәңгі жер-ана да табынған.
Өзің келген шақтарда,
Ешкім қалмас шаттанбай,
Теңдесі жоқ, ерке сұлу, ақ маңдай.
Сейдолла Байтереков, Сейдолла Байтереков, Күнге табыну, Кунге табыну сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

09.04.2017