Мұқағали Мақатаев сөзі

Sayazhan2k2

0
0

Бөлісу:


Қолға түскен сенің алғаш кітабың
Жүректен сен деп тағы туады үнім
Ән менен күй тербеледі егіздей бір
Көкте көріп отырсаң, қуан бүгін
Ұмытпай, арқау етіп есіміңді
Самал жел соқты бүгін есіп енді
Өлеңіңнің өлмеуін мақсат қылып
Қане,ал, тиесілі несібеңді
Достықты да жырладың, өмірді де
Құлпырттың сен, келдің де өңірді кеп
Көңіліме от салдың өшпейтұғын
Өшірмесе екен тек көмерді тек
Жанып тұрған санамда шабытым бар
Иесі бар өзіңсің қанатымсың
Бойыма қуат берген дара тылсым
Саған ұқсап келеді жаратылысым
Өлмейді, өлеңің де естелігің
Жырымды жалғастырам кеште бүгін
Мұраларың ерек сенің, шедевр тек
Әр өлең өрнектелген кесте бүтін
Sayazhan2k2, Sayazhan2k2, Мұқағали Мақатаев, Мукагали Макатаев сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

11.11.2017