Өзіңді аңсап сөзі

Саят Медеуов

Өзіңді аңсап

5
0

Бөлісу:



Өзіңді аңсап өтеді көктем, өтер күз 
Аңсаумен өткен өмірге мынау не етерміз 
Көрсем деп шіркін іздеген мәңгі бір-бірін 
Көк аспандағы ай менен күндей екенбіз
 
Қайырмасы: 
Жаным-ау менің жағаға таққан тұмарсың 
Жалғанда жалғыз, жабығып жүрген шығарсың 
Ұнарсың талай бір көрген жанға ұнарсың 
Өмірде бірақ өзіме ғана сыңарсың 2
 
Көркемім сені көрсем де жақсы өзгеден 
Қиналдым соны айта алмай саған сөзбенен 
Сен туған ауыл, ел-жұртың неткен бақытты 
Өзіңді күнде жүретін көріп көзбенен
 
Қайырмасы: 
Жаным-ау менің жағаға таққан тұмарсың 
Жалғанда жалғыз, жабығып жүрген шығарсың 
Ұнарсың талай бір көрген жанға ұнарсың 
Өмірде бірақ өзіме ғана сыңарсың 2 
 
Саят Медеуов, Саят Медеуов, Өзіңді аңсап, Озинди ансап mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Tileukhan Azimkhanov

Сөзін түзеткен

25.06.2017
Қолданушылар

GM