Мұңайма қалқам сөзі

Саят Медеуов

Мұңайма қалқам

2
0

Бөлісу:



Бәрі де, бәрі ерке шақтардың есте еді,
Сыйланды кімге орамалыңыз кестелі?..
Кездесе қалсақ, мәдениетіміз жоғары,
Амал не, қалқам, 'сізіміз' 'сенге' көшпеді.
 
Қайырмасы:
Жасыл бағымды сырлаушы еді таң нұры,
Албырт сезімнің басылар емес жаңбыры.
Қабырғалардың қаланар сәті бұйрық та,
Сөгіліп кетіп құлайтын кезі – тағдыры!..
 
Кеудеме толған тәтті үмітімді тербеймін,
Өзімді кейде басқа жан болып тергеймін.
Сізбенен бірдей көйлек киетін қыздар көп,
Айта аласыз ба, соларды неге көрмеймін?!
 
Қайырмасы:
Жасыл бағымды сырлаушы еді таң нұры,
Албырт сезімнің басылар емес жаңбыры.
Қабырғалардың қаланар сәті бұйрық та,
Сөгіліп кетіп құлайтын кезі – тағдыры!..
 
Өртеніп іштей мұңайма, қалқам, мұңайма,
Мұңайған жандар бақытын оңай құрай ма?
Адамдар неге аспанға қолын созады,
Қараныз әне телміріп жерге тұр Ай да
 
Қайырмасы:
Жасыл бағымды сырлаушы еді таң нұры,
Албырт сезімнің басылар емес жаңбыры.
Қабырғалардың қаланар сәті бұйрық та,
Сөгіліп кетіп құлайтын кезі – тағдыры!..
 
Саят Медеуов, Саят Медеуов, Мұңайма қалқам, Мунайма калкам mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

30.10.2015
Бейнеклип
Саят Медеуов
Мұңайма қалқам