Ақ шағала сөзі

Саят Медеуов ft. Ақбота Керімбекова

Ақ шағала

0
0

Бөлісу:


Дір-дір етіп бала денең 
Назды үнің-ай аға деген 
Тұрмын күтіп жалғыз сені 
Жалғыз бүтін жағада мен 
Көз жасындай көктен жұлдыз 
Көкжиектен тамады әрең 
Қоштасарда қолың бұлғай 
Қимастықпен қараган ең 
Ұя салдың жағалаға ай 
Менің әппақ шағалам ай 
 
Мен сенің жанарыңнан жасқанамын 
Қанатын қаға алмадың аспан әнім 
Жол жаққа жаутаң-жаутаң қараймын кеп 
Қалмады қайтем енді басқа амалым 
Қол бұлғап жаутаң-жаутаң қараймын кеп 
Қалмады қайтем аға басқа амалым 
Адамбыз ғой кінәлағыш 
Айыпты да тағар оңай 
Кеттің неге жырақ алыс 
Кеттің неге ағаламай 
Мен таяздық таныттым ба 
Бақытымды бағаламай 
Бұл қоштасу қайбір жаным 
Тиді дейсің маған оңай 
Ұя салдың жағалаға-ай 
Менің әппақ шағалам ай 
 
Сыры көп айтары аз қыз баланың 
Жазықсыз жүрегімнің үзбе бағын 
Жақ түгіл жанарыңда күлкі ойнаған 
Мен сені өзімнен де қызғанамын 
Жақ түгіл жанарыңда күлкі ойнаған 
Мен сені өзімнен де қызғанамын 
Көз жасындай көктен жұлдыз 
Көкжиектен тамады әрең 
Қоштасарда қолың бұлғай 
Қимастықпен қарағаның 
Ұя салдың жағалаға 
Менің әппақ шағалам ай 
Ұя салдың жағалаға ай 
Менің әппақ шағалам ай 
 
Саят Медеуов ft. Ақбота Керімбекова, Саят Медеуов ft. Акбота Керимбекова, Ақ шағала, Ак шагала сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

20.10.2015