Құс қайтты Алматыма сөзі

Саят Медеуов ft. Айгуль Осанова

Құс қайтты Алматыма

1
0

Бөлісу:


Көктемді қондырып қанатына,
Құс қайтып оралды Алматыма.
Ән толды аспанға, құс қонды жас талға.
Бақыт кеп қол алғандай.
Құстарды мен тостым, айғайлап ән қостым,
Арманым оралғандай, 
Қуандым жарқылдап, мәз болдым ән тыңдап,
Құшақтап арманымды.
 
Оянған армандай жаз таңында,
Келеді құс қайтып аспанымда.
Аспаным ашылды, ән маржан шашылды,
Шаттық бар жас жанымда.
Оралды арманым, оралды көктемім,
Қол алды достарым да.
Сағыныш сәлемі, құс қайтып келеді,
Ән салып туған жерге.
 
Келеді аспанда құстар қайтып,
Сағыныш арманын ән ғып айтып.
Алатау, қабылда, орашы сағымға,
Бақыт деп маған келген.
Саған кеп қонатын, сыйпашы қанатын,
Көктемгі майда желмен.
Көліңде ойнасын, бақытын тойласын,
Келді ғой туған жерге! 
Саят Медеуов ft. Айгуль Осанова, Саят Медеуов ft. Айгуль Осанова, Құс қайтты Алматыма, Кус кайтты Алматыма сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

20.10.2015