Ауылды ұмытып кетпеңдер сөзі

Саят Медеуов

2018

17
0

Бөлісу:



Балалық шағыңның бал күйін шерткен жер
Бауырлар ауылды ұмытып кетпеңдер
Сол жерде әкеңмен анашың төккен тер
Сол термен көктемде құлпырған көк белдер

Қайырмасы
Бәріңде туған ауыл бар
Ауылда жайсаң қауым бар
Өздерің туып өскен
Кір жуып кіндік кескен
Ауылды ұмытпай бауырлар
Бір мезгіл елге барыңдар

Сарпылып сабырың таусылып төзімдер
Қаланың шуынан шаршаған кезіңде
Ауылға жол тартсаң нұр ойнап көзіңде
Бөленіп кетесің ерекше сезімге

Қайырмасы
Бәріңде туған ауыл бар
Ауылда жайсаң қауым бар
Өздерің туып өскен
Кір жуып кіндік кескен
Ауылды ұмытпай бауырлар
Бір мезгіл елге барыңдар

Ауылда атаң бар ауызы дуалы
Әжең бар күн сынды мейірі шуағы
Әкеңмен анаң бар жаныңның шырағы
Келер деп жол жаққа елеңдеп тұрады

Қайырмасы
Бәріңде туған ауыл бар
Ауылда жайсаң қауым бар
Өздерің туып өскен
Кір жуып кіндік кескен
Ауылды ұмытпай бауырлар
Бір мезгіл елге барыңдар


Саят Медеуов, Саят Медеуов, Ауылды ұмытып кетпеңдер, Ауылды умытып кетпендер mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Жарас

13 Шілде 2018

Интернетсиз калай олен тындауга болады

Kenje Eleusizbaeva

Сөзін түзеткен

23.07.2018
Қолданушылар