Әгугәй сөзі

Saryn

Әгугәй

0
0

Бөлісу:


1) Ортамызда Төлеген тұрды жорға, ахау, 
Сүрінбей ме, боз жорға қазған орға, әгугай, әгугай. 
Қыз-Жібекті ойласаң нең кетеді, ахау, 
Орамалы тұрады бес жүз жорға, әгугай,әгугай. 
 
қ-сы.
А-а-ай, Айың тусын оңыңнан. 
Жұлдызың тусын соңыңнан. 
Хабарсыз кетсең тым ұзақ, 
Сансызбай шығар соңыңнан. 
Қыз-Жібек енді келгенше. 
Иіліп сәлем бергенше. 
Даяр етіп қоялық. 
Салдырып сарай өзгеше.
 
2) Арамызда Төлеген көп жыл өтті, ахау, 
Нелер келіп болмасқа, нелер кетті, әгугай, әгугай. 
Арада өткен сегіз жыл сергелдеңде, ахау, 
Хабар айтып жіберсең нең кетеді, әгугай, әгугай. 
 
қ-сы.
А-а-ай, Айың тусын оңыңнан. 
Жұлдызың тусын соңыңнан. 
Хабарсыз кетсең тым ұзақ, 
Сансызбай шығар соңыңнан. 
Қыз-Жібек енді келгенше. 
Иіліп сәлем бергенше. 
Даяр етіп қоялық. 
Салдырып сарай өзгеше.
Saryn, Saryn, Әгугәй, Агугай сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

22.10.2015