Бір өзің сөзі

Саламат Сырттанбеков

2019

0
0

Бөлісу:



Есімде бір елес қалды бейнең сағым
Сенсіз мәнді емес әрбір атқан таңым
Мазалап жүр мені сағынышты жалын
Қайта айналып келші сол бақытты шағым
Оралшы бір сәтке сол бір ғажап көктем
Сағымдағы маған сезім нұрын төккен

Қайырмасы
Елеңдетші мені күлімдетші күнім
Сүйгенім менің
Сенсіз менің тебіренбес жүрегім
Елжіремес сенсіз менің көңілім білемін
Бір өзіңмен жұбатамын жанды
Бір өзіңді сүйіп өтем мәңгі

Бағынбайды жүрек,бағынбайды маған
Жанарыңды іздеп айтшы қайдан табам
Гүл бейнеңді саған сәуледен жаралған
Қиялмайды жаным ұмыта алмай санам
Жаңға дауа болған мінезіңнен көркем
Айналдым аруым айдай сұлу еркем

Қайырмасы
Елеңдетші мені күлімдетші күнім
Сүйгенім менің
Сенсіз менің тебіренбес жүрегім
Елжіремес сенсіз менің көңілім білемін
Бір өзіңмен жұбатамын жанды
Бір өзіңді сүйіп өтем мәңгі
Саламат Сырттанбеков, Саламат Сырттанбеков, Бір өзің, Бир озин mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

03.05.2019
Қолданушылар