Бөлісу:


Сол адал шағымның,
Балауса күнін сағындым бәрін.
Сол күндермен мұңсыз,
Қоштасып үнсіз, қолым бұлғадым.
Сол менің мұңлы әнім,
Менің жырларым, менің жылдарым.
 
Қайырмасы:
Өмір, өмір заңы қатал,
Күнің батып, таңың атар,
Сен біреуді ұнатарсың,
Сені біреу тағы ұнатар.
Өмір, өмір — ақ пен қара,
Өмір, өмір — бақ пен нала.
Өмір деген қуаныш пен
Өкінішті сәттер ғана…
 
Мен ашып құшақты,
Бақытты шақты қарсы алар ма екем?
Сол арманға жетіп,
Таңдарға жетіп тамсанар ма екем?
Сол аңсаған мекен,
Жетуге саған қанша қалды екен?  
Сәкен Майғазиев ft. Меломен тобы, Сакен Майгазиев ft. Меломен тобы, Өмір, Омир сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

22.10.2015