Жаңа күн сөзі

Саги Хален

Жаңа күн

0
0

Бөлісу:


Міне тағы бір жыл тарихта өтіп кетті
Менің жиырма бірінші, көктемімде келіп жетті
Бірақ бүгін тағы да, жапалақтап қар жауып
Таң ата, артынан күлімсірей күнде шықты
Шығып үйден, келемін көше бойлап
Айналаға қараймын, қандай әсем табиғат
Адамдар өтіп жатыр, машиналар зуылдап
Біраз қарап тамсана, әрі жүрдім ақырындап.
Есіме түседі, сағындыра, өткен шақ,
Асық ойнап, доп тепкен сол балалық шақ
Сағындым туған өлке, туған жер ауылымды
Қаратөбе, Ақтай-сай мәңгі менің жадымда
Қазағымның иісі шыққан, дархан дала
Мейлі аз естеліктер болсын дағы, олда жәрәр
Уақыт өте оралармын өзіңе қайта,
Бастысы ұмытпағын, ұлыңды халқым.

Қайырмасы (2 рет)
Ия бүгін қиын әрі, ұзақ күн болды
Бұл күнім қалай өтті, басым түрлі ойға толды
Ертең тағы кезекті, мүмкіндіктер ашылады
Жаңа күн, жаңа іс, өмірімнің бір парағы

Шумақ 2
Дегенмен өмір өтіп жатыр ағыммен,
Біздер болсақ есейдік, кеше ғана бала едік
Бүгін міне біріміз, еңбек етіп, үй болып
Бірі отан қорғап, борышын өтеуде
Ал менің өз жағдайым, тіреліп тұр осында
Жырларымды жазамын атақты ақын болмасамда
Кішкене болсындағы, тырысып жатырмын
Қазақтың өнеріне, үлесімді қосуға
Бұл менің сүйікті ісім,
Қалам және парақ, өмірімнің көрінісі
Менің тыңдарманым, еңбегімнің жемісі
Және қолдаған адамдарға шексіз алғысым
Әлі алда, алынбаған талай шыңым,
Әлі алда, армандаған талай күнім
Оғанда жетерміз, әзірше мен осындамын
Көрерміз тағдырдың, әрі қарай не жазғанын
Саги Хален, Саги Хален, Жаңа күн, Жана кун сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

27.10.2015