Көзімнің қарасы сөзі

Саги Хален

Көзімнің қарасы

0
0

Бөлісу:


Көзімнің, қарасы, Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі, Ғашықтық жарасы.
Жылайын, жырлайын, Ағызып көз майын
Айтуға келгенде, Қалқама сөз дайын.

Шумақ 2 (рэп)
Тереңдеп қарайсың, Телміріп тұрмайсың.
Бейхабар жүргенсіп, Бек қатты сынайсың.
Кең маңдай, қалың шаш Я бір кез, я құлаш.
Ақ тамақ, қызыл жүз, Қарағым, бетіңді аш!
Қара көз, имек қас, Қараса жан тоймас.
Аузың бал қызыл гүл, Ақ тісің кір шалмас.
Қыр мұрын, қыпша бел,Солқылдар, соқса жел.
Қарағым, бермен кел, Бізге де көңілің бөл.
Не десем болар еп? Ғашығың да қайғы жеп,
Өртенген жүрекке Бір көрген болар сеп.
Біздердей ғашық көп, Қайсысы саған дөп?
Жөндеп те айтпадым, Жүрегім лүпілдеп.
Назына кім шыдар? Бұраңдап жүр шығар.
Қасқая күлгені, Қылады тым Құмар.
Ер емес қымсынар, Әркім-ау, ұмсынар.
Құдай-ау, бұл көңілім, Күн бар ма бір тынар?

Шумақ 3
Қазақтың данасы, Жасы үлкен ағасы
Бар демес сендей бір,Адамзат баласы.
Жүректен қозғайын, Әдептен озбайын,
Өзі де білмей ме, Көп сөйлеп созбайын.
Саги Хален, Саги Хален, Көзімнің қарасы, Козимнин карасы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

27.10.2015