Уай, жаным сөзі

Сәбит Дөнентаев

0
0

Бөлісу:


Уай, жаным, дүниеде сен аз күн онақ,
Заман жоқ, көп тұруға, өмір шолақ.
Жас өмір екі айналмас, мойын бұрмас,
Жұмыс ет оқтай зырлап, қардай борап.
Көп жүрген қара жолмен қадам бассаң,
Кім саған зорлық етер талап-тонап.
Отқа күй, оққа байлан, адалды тап,
Киген тәж, мінген тағың болсын сол-ақ.
Күнің бұл іс ететін орның осы,
Мұнда бақ, мұнда дәклет, мұнда зор ат...
Қорқасың, аяқ басып аттамайсың,
Алғасын алды-артыңды жылан орап.
Орынсыз орға түссең, көпен бірсің,
Тіл алсаң, тек жатпауың деймін жол-ақ.
Сәбит Дөнентаев, Сабит Донентаев, Уай, жаным, Уай, жаным сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016