Талап сөзі

Сәбит Дөнентаев

0
0

Бөлісу:


Әр дәулет саған даяр етсең талап,
Бақ келмес іздеп сені, жатсаң қарап.
«Нұр жауар талаптыға» деген қаттар,
«Жүргенде жөрем ...» бар ғой бұрыннан-ақ!
«Жалғызбын, жаралымын» деп қорғалмай,
Сал құлаш бір өзіңді жүзге балап.
Әрбірі талаппенен тауып жатыр,
Дүниеде неше өнерлі көрсең санап.
Өзіңде етіп еңбек тапқан мал жоқ,
Қалайша күн көресің ұрттап, жалап?
«Зат болмас сатып алмай ...» дегендейін,
Қиын ғой жұрт болуың қолға ьқарап.
Бұлайша кетіп кейін тұрғаныңа,
Дос күліп, дұшпандарың жүр табалап.
Көз салып осыларға ойланатын,
Біздерде жігер, намыс бар ма, қазақ?
Сәбит Дөнентаев, Сабит Донентаев, Талап, Талап сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016