Қиялым сөзі

Сәбит Дөнентаев

0
0

Бөлісу:


Таза жүн, түсі әдемі бір құс болсам,
Бұтаққа көңілім сүйген ұшып-қонсам,
Зарымды жұртқа айтарлық сайрағыш боп,
Уа, дүние, шығып мұңым, көрсем шолпан!
Бойда күш, жанжа қанат болған күнде,
Кім тұрсын құмдық, таулық, жерде сортаң!
Жүзсем - көл, қонсам -орман, ұшсам - дала,
Не қажет маған байлық, патша, сұлтан.
Шығар күн болмаған соң, атарлық таң.
Бос оймен бірде ойлай боп, бірде бұлай,
Өзімше қумақшымын бір түрлі заң.
Қиялым, лаға бермей, айнал бері,
Құлдарша өнімсізге етпей қортаң.
Еңбек ет, боларға ұмтыл, шыңға баста,
Әлімше сонда артыңнан мен де жортам.
Сәбит Дөнентаев, Сабит Донентаев, Қиялым, Киялым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016