Қазақтарға қарап сөзі

Сәбит Дөнентаев

0
0

Бөлісу:


Қамалған қараңғыда, қалың қазақ,
Қайратсыз, қамсыз құрып қалдың, қазақ.
Қаруланып қуатсызды қуаттанды,
Құрдан құр қампитқанша қарын, қазақ.
Қулардың құлқынына құм құйылдың,
Қайдағы құлдың қайғырт қамын, қазақ.
Қайтеді қайырылыссақ қарындасқа,
Қасармай, қаырайып қырын қарап,
Құннан да, қадірден де қалдың құр қол -
Құнт қылмай, қуып құлқың, құлды қанап.
Қайғырып, қатып қабақ, қамықпай құр,
Қимылда, құныңды қу, қадағалап.
Қақпанға қапылыста қақтығарсың,
Қадамда қиқаңдамай қадақ-қадақ!
Қауым ең қорқақ қоян, қара қазан!
Қиынның қисынар ма құдырт қалап?
Сәбит Дөнентаев, Сабит Донентаев, Қазақтарға қарап, Казактарга карап сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016