Қайтып қарғыс алмайсың? сөзі

Сәбит Дөнентаев

0
0

Бөлісу:


Жігіт-ақсың, маңдайсың,
Келбеттісің, қандайсың!
Ағайынға айбатты,
Биік-ақсың, дардайсың.
Бетіңе адам келтіріп,
Алдыңа жан салмайсың.
Елі төмен болғанды,
Елтифатқа алмайсың.
Ант ауғандай күн болса,
Амалдайсың, алдайсың.
Басшы қылып бағынса,
Түгіменен жалмайсың.
Таудай болсын өз мінің,
Оған көзің салмайсың.
Қылдан тайған сорлының
Қыр соңынан қалмайсың.
Мысқыл менен өсекке,
Шаршамайсың, талмайсың,
Кісі айыбын терумен
Ашуға жүз жанбайсың.
Айтқышсынып тұрасын,
Жасырмайсың, танбайсың,
Жат мінезің, жай сөзің -
«А, құдайшыл» жандайсың.
Іске кірсең арамды
Қосақтайсың-парлайсың.
Жақсылықтың жағына
Жалғыз қадам салмайсың.
Жамандықтың жанынан -
Жарты ширек қалмайсың.
Өзің шыққан ұлтыңнан,
Басшы қылған жұртыңнан,
Бұл мінез, бұл құлқыңнан
Қайтып қарғыс алмайсың?!
Сәбит Дөнентаев, Сабит Донентаев, Қайтып қарғыс алмайсың?, Кайтып каргыс алмайсын? сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016