Балалықты сағыну сөзі

Сәбит Дөнентаев

0
0

Бөлісу:


Уай, заманым, балалық,
Әр ісің бір бадалық,
Алды-артыма қарасам,
Кетіп қапсың тазарып.
Өзің түгіл ісің жоқ,
Қарасам да қадалып.
Сен бір шала көрген түс,
Отыр сорлың қамалып.
Кет деп сені кім айтты,
Қалмай жұрғын таралып?
Неден көңілің қалды екен,
Рақым етпей, сазарып?
Сағынам да, жоқтаймын,
Келмес пе деп оралып.
Сонда-дағы хабар жоқ,
Сенен деген бір қаріп.
Ешнәрсеге қақтықпай,
Сұм жүрегім бір минут
Тұрар ма екен ағарып?!
Хан, қараны тең көрген,
Асық, топай өңгерген,
Анау-мынау ойда жоқ,
Жан біткенді ел көрген;
Десе біреу қарағам,
Гүл-гүл жайнап өңі енген,
Қайда қалды тал атың,
Күл, топырақтап жем берген.
Қоразданып, қамшылап,
Өзің дауыстап дем берген.
Оза қалсаң жарысып,
Пәлен ат деп шен берген,
Соны да тастап кеттің бе,
Жаныңменен тең көрген?
Шын құрдастан айрылдың,
Құшақтасқан, сөз берген,
Ойдан-қырға шапсам да,
Қанша абырой, бақ тапсам да,
Мыңнан бірін көрмедім
Мерекенің сен көрген!
Сәбит Дөнентаев, Сабит Донентаев, Балалықты сағыну, Балалыкты сагыну сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016