Ақыл сөзі

Сәбит Дөнентаев

0
0

Бөлісу:


Мен сені жандай көрдім, ақыл,
Сонан соң іздей, сұрай бердім ақыр.
«Менде бар, менде бар» деп әр біреулер,
Жан біткен саған толық болып жатыр.
Бәрінде жалпақ жұрттың бірдеймісің,
Шыныңды айт, қайда жүрсің, өзің батыр?
Былайша ақыл маған берді жауап:
- Белгілі тұрағым жоқ бір жерде тап.
Кім жақсы тәрбие етсе мен соныкі.
Аз және көп болуым соған қарап ...
Не мұның тәрбиесі, не дейді ақыл?
Ол жерін, оқушылар, өздерің тап.
Сәбит Дөнентаев, Сабит Донентаев, Ақыл, Акыл сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016