Жаса Қазағым сөзі

Руслан Мамытов

2013

0
0

Бөлісу:


Жастарының жалыны бар,
Қарттарының қадірі бар.
Жақсылыққа жаны құмар,
Жаса, Қазағым!

Тарихының тамыры бар,
Дәстүрінің тәлімі бар.
Сақ пен ғұнның сарыны бар,
Жаса, Қазағым!

[Қайырмасы:]
Жаса, жаса, қазақ тілім,
Жаса, жаса, ғажап тілім.
Баянды бол азат күнім,
Бағын таймасын.

Көсемдері кесім берген,
Керуен тартып, көшін керген,
Төрт түлігі төсінде өрген,
Жаса, Қазағым!

Ту көтеріп, тұлпар мінген,
Саят құрып, сұңқарды ілген,
Күй төгіп, ән шырқап жүрген,
Жаса, Қазағым!
Руслан Мамытов, Руслан Мамытов, Жаса Қазағым, Жаса Казагым сөзі, 2013
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

04.05.2016
Қолданушылар

GM

Бейнеклип
Руслан Мамытов
Жаса Қазағым