Алып арманым сөзі

Руслан Мамытов

Алып арманым

1
0

Бөлісу:


Жаным, ардағым,
Алып арманым.
Сезімімді сен неге қабыл алмадың?
Өмір өтер, менің де табылар бағым,
Қалауымен болады бәрі де АЛЛАНЫҢ!!!
 
Жаным, жарқыным,
Сабырлы алтыным.
Мен өзіңсіз өмірде жарым-жартымын.
Сенсіз сыздап таппайды қабырғам тыным,
Көрмейсіңбе Жаныңның сағынған түрін!
 
Жаным, жыр-әнім,
Лағыл-бұлағым,
'Бақытым' деп мен сені бағым қыламын,
Өткен күннің қу жүрек сағынды бәрін.
Өзің келіп жұбатшы жанымды Жаным!
 
Руслан Мамытов, Руслан Мамытов, Алып арманым, Алып арманым mp3 жүктеу, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015