Түркістан сөзі

Роза Рымбаева ft. Серік Ибрагимов

Түркістан

0
0

Бөлісу:


Егемен ертегі еліміз,
Балбұлақ, бау-бақша жеріміз.
Түркістан түрленген, нұрланған,
Келіңіз, келіңіз, келіңіз.

Қайырмасы:
Бұлбұлы бақтарда сайраған,
Қыр гүлі құлпырып жайнаған.
Ұл-қызы шаттығын тойлаған,
Киелі күмбезді Түркістан.

Бүгінде шуақты ертегі,
Көріндер куатты өлкені.
Тарихта таусылмас дастандай,
Ежелден бізге сыр шертеді.

Қайырмасы:
Түркістан - ән көзі, жыр көзі,
Алыстан көрінген күмбезі.
Түркістан - шығыстың шырайы,
Көгіңнен кетпеген күн көзі.
Роза Рымбаева ft. Серік Ибрагимов, Роза Рымбаева ft. Серик Ибрагимов, Түркістан, Туркистан сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

04.12.2015
Бейнеклип
Роза Рымбаева ft. Серік Ибрагимов
Түркістан