Жаратқан саған сөзі

RinGo тобы

Жаратқан саған

1
0

Бөлісу:



1. Әрбір жүректен
Аймалап өткен
Өмірдің әрбір
Күндері көктем
Шұғылылы күн
Ай күлімдеген түн
Барлығы да Тәңірімнің
Сыйы біз үшін
Қоштасу мен айрылу
Қуаныш пен қайғыру
Барлық бақыт, қайғы мұң
Сан сынағы тағдырдың

Қайырмасы:
Сүйікті Жаратқан
Алғысымды айтам
Тізерлеп жүгініп саған
Сен арнаған өмір--
Бақытты өмір
Біздің шексіз алғысымыз
Жаратқан саған

2. Күлімдеп аспан
Таңдарды атқан
Шексіз бақытпен
Күлімдеп қарсы алам
Армандап өтем
Бақытқа толы ертең
Тоқтаусыз талпынамын
Арманыма жетем
Қоштасу мен айрылу
Қуаныш пен қайғыру
Барлық бақыт, қайғы мұң
Сан сынағы тағдырдың

Қайырмасы:
Сүйікті Жаратқан
Алғысымды айтам
Тізерлеп жүгініп саған
Сен арнаған өмір--
Бақытты өмір
Біздің шексіз алғысымыз
Жаратқан саған
RinGo тобы, RinGo тобы, Жаратқан саған, Жараткан саган mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Шерхан Бибатыр

Сөзін түзеткен

16.12.2017
Қолданушылар

GM

Бейнеклип
RinGo тобы
Жаратқан саған