Бірлігі бекем бауырлар сөзі

Патшахан Нұрмұхаммед Бауыржанұлы

2019

0
0

Бөлісу:



Бір бірінен табылатын
Сыйластыққа бағынатын
Сәл көрмесем сағынатын бауырларым-ай
Қос көңілді көтеретін
Биік шыңға жетелейтін
Болмасаңдар нетер едім бауырларым-ай!

Қайырмасы
Бауыр деген ағалар
Бал бақытты бағалар
Бір бүтінбіз ажырамас мәңгілік
Бауыр деген әпкелер
Аяқ басса бақ келер
Ақ сезіммен ақ жүректі жандырып

Тағдырыма алаңдайтын
Жамандыққа қарамайтын
Ешбір жерден табалмайтын бауырларым-ай
Күнмен түнде сырласатын
Арман жолға бірге асатын
Кең құшағын күнге ашатын бауырларым-ай

Қайырмасы
Бауыр деген ағалар
Бал бақытты бағалар
Бір бүтінбіз ажырамас мәңгілік
Бауыр деген әпкелер
Аяқ басса бақ келер
Ақ сезіммен ақ жүректі жандырып

Патшахан Нұрмұхаммед Бауыржанұлы, Патшахан Нурмухаммед Бауыржанулы, Бірлігі бекем бауырлар, Бирлиги бекем бауырлар mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

04.06.2019
Қолданушылар