Жұбату сөзі

Орынбай Бертағыұлы

0
0

Бөлісу:


Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым, көтер басты,
Қай қазақ ой ойлаған сенен асты.
Баласы Жетімомын келіп тұрмыз,
Күңіреніп босағаңа төгіп жасты.
Тарихтан талай адам білген едік,
Қызықты нелер дәурен сүрген едік.
Жасымыз мұнша жасқа келгенінше,
Шоқандай науша жасты көрмеп едік.
Қыршын жас Шоқанға ажал жеткен бүгін,
Күйзелтіп елі-жұртын кеткен бүгін.
Аяулы жарқын жүзін еске тастап,
Дүниеден ем таба алмай өткен бүгін.
Әзелде солай жазса, не істейсің,
Бұйырса тағдыр, қалай бас имейсің?
Қайран жас қызғыш болған халық үшін,
Қалайша қазасына күйзелмейсің?!
Дүниеден кедей де өткен, сұлтан да өткен,
Шәрбатын бұл өлімнің әркім күткен.
Қоймайды ажал сені тығылсаң да,
Аплатон ғалым о да қайда кеткен?!
Ақыры бұл нәубеттің көпке жеткен,
Ғұлама білгіштердің бәрі кеткен.
Алды-арты осындайға жеткеннен соң,
Бүгінде қасіретті сен де шеккен!
II
Өлген соң, бай мен жарлы мал демейді,
Мынаны бер, мынаны ал демейді.
Басына, бай кісі өлсе, жастық тастап,
Астына қалың көрпе сал демейді.
Жарлыны кәне байдан кем көргені,
Бетіне бірдей қылып өң бергені.
Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек жастап,
Құдайдың осы емес пе тең көргені.
Жарандар, жат қылмаңдар бір Құдайды,
«Құдай» деген пендесін жарылқайды.
«Адам басы - Алланың добы» деген,
Соқса да қалай қарай - домалайды.
III
Тұлпар бар ма тұяғы майрылмаған,
Сұңқар бар ма қияғы қайрылмаған.
Қашанда тағдыр-ажал жеткен күні
Кімдерден кімдер жылап айрылмаған.
Өлімнен үлкен жау бар ма,
Бауыры бүтін сау бар ма?
Бұлсыз берді, қүнсыз алды,
Бұған қарсы дау бар ма?
Әуелі құдірет күшті,
Одан соң өлім күшті.
Ақсұңқар ұядан ұшты,
Апеке, сабырлық қыл,
Қайғысы саған түсті.
Орынбай Бертағыұлы, Орынбай Бертагыулы, Жұбату, Жубату сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016