Өлген соң бай мен жарлы мал демейді сөзі

Орынбай Бертағыұлы

0
0

Бөлісу:


Өлген соң бай мен жарлы мал демейді,
Мынаны бер, мынаны ал демейді.
Басына бай кісі өлсе, жастық тастап,
Астына қалың көрпе сал демейді.
Жарлыны, кәне, байдан кем көргені,
Бетіне бірдей қылып өң бергені.
Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек жастап,
Құдайдың осы емес пе тең көргені.
Жарандар жат қылмаңдар бір құдайды,
«Құдай» деген пендесін жарылқайды.
«Адам басы - алланың добы» деген,
Соқса да қалай қарай домалайды.
Орынбай Бертағыұлы, Орынбай Бертагыулы, Өлген соң бай мен жарлы мал демейді, Олген сон бай мен жарлы мал демейди сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016