Тағдыр сөзі

Орда тобы

2012

2
0

Бөлісу:



Түнгі жаңбыр, тамшылап тұрды жүзімізге, 
Жас толды кенет көзімізге, 
Дәрменсіз тыныс үзілді де, 
Соңғы үміт сөнгенін сездік өзіміз тек,
Айтылмай қалған сөзіміз де, өкініш енді.
Жалғыз сапар шеккен өмірде, 
Үйрендік бәріне төзуге, 
Суалған сезім қайта оралды көңілге.
Тағдыр кездестірген өзіңмен сол күнгі, 
Жүрекке қалдырған мәңгілік көркіңді, 
Сүйіп өтуге, ұмытпауға уәде берем.
 
Тағдыр бізді айырады ақыры бір күн, 
Қосылмаймыз мәңгілік мүмкін, 
Қалай сенсіз жалғыз жүрдім? 
Жалғастырдым сезімді соңғы жігеріммен,
Жалғасы жоғын білемін мен, білемін мен
 
Қосылсақ та сүйген жандарға, 
Талпынамыз басқа арманға,
Күдер үзе алмай, 
Үміт артып тағдырға
Мүмкін қоштасармыз махаббат жолында, 
Мүмкін кездесерміз махаббат жолында, 
Өзге үмітпен, 
Ұмытылған сағынышпен.
Орда тобы, Орда тобы, Тағдыр, Тагдыр mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2012
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

23.04.2016
Қолданушылар

GM

Бейнеклип
Орда тобы
Тағдыр