Туған жер сөзі

Өмірқұл Айниязов

2018

8
2

Бөлісу:



Туған жердің қар-мұзы ызғарыңмен жуындар,
Туған жердің бал қызы бұрымыңмен буындыр.
Туған жердің бұлағы толқыныңмен ат мені,
Туған жердің жыланы шырылдатып шақ мені.

Қайырмасы
Оу, туған жер жаннат береке,
Оу, думанды ел қандай көрікті ел.
Оу, туған жер жаннат береке,
Оу, думанды ел қандай көрікті ел.

Туған жердің шеңгелі тырнай алмай бетімді,
Туған жердің желдері аузыма құй өтімді.
Туған жердің қасқыры кемір ақын сүйегін,
Туған жердің тас-қыры сені осылай,сені осылай сүйемін.

Қайырмасы
Оу, туған жер жаннат береке,
Оу, думанды ел қандай көрікті ел.
Оу, туған жер жаннат береке,
Оу, думанды ел қандай көрікті ел.


Өмірқұл Айниязов, Омиркул Айниязов, Туған жер, Туган жер mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Асель Сергазыева

Сөзін түзеткен

05.11.2018
Қолданушылар