Дүние-ай сөзі

Өмірқұл Айниязов

2017

2
0

Бөлісу:



Дүние қарап тұрсам шолақ екен,
Адамдар бiр-бiрiне қонақ екен.
Барында оралыңның ойна да күл,
Қызығы бұл өмірдің сол-ақ екен.
Барында оралыңның ойна да күл,
Қызығы бұл өмірдің сол-ақ екен.


Ақ көйлек, қызыл бешпент көйлек кисiн,
Етегі сүйретілiп жерге тисiн.
Барында оралыңның ойна да күл,
Көре алмай дұшпандардың iшi күйсін.


Ауылым көшіп барад Майдақұмға
Көрінер түйе сұлу тайлағыңда
Барында оралыңның ойна да күл,
Қыз алтын жігіт күміс Майдақұмда
Барында оралыңның ойна да күл,
Қыз алтын жігіт күміс Майдақұмда


Барында оралыңның ойна да күл,
Қызығы бұл өмірдің сол-ақ екен.
Барында оралыңның ойна да күл,
Қызығы бұл өмірдің сол-ақ екен.
Өмірқұл Айниязов, Омиркул Айниязов, Дүние-ай, Дуние-ай mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

05.01.2017
Қолданушылар