Алға сөзі

Олжас Абай ft. Әсет Есжан

Алға

3
0

Бөлісу:



Кеудеде намыс қайнап, көзімде от ойнаған
Қаржыға қанаттары әліде қатаймаған
Бес жасар баласы да аттан деп ат ойлаған ооо
Алдаспан ерлерім бар, қысылмай қол бастар
Мар қасқа ұлдарым бар, тосылмай жол бастар
Келеді өсіп кілең рухы өр жастар оуу

Қайырмасы:
Алға, алға, ақ сұңқар арландарым
Тай салмас тарландарым,
Бабамнан қалған барын ооо
Қорға......аааа

Осынау атыр аттың болған мен өткенімін
Сақшысы тыныштықтың, бейбіт күн өткелімін
Ерлігім, ерлігім дей асулы көк бөрінің оооу
Сан түрлі зұлмақтардан халқымыз сауға алып,
Бекітіп шекараны, алауды лауладық
Ел болдық бар әлемнің назарын аударып оууу

Қайырмасы:
Жаса, жаса, көгімнің күміс гүлі,
Елімнің ырыстығы,
Жерімнің тыныштығы оууу
Жаса...аааа

Түнседе қандай қатер,
Келседе қандай мұң,
Антымнан, азаматтық,
Ешқашан танбаймын.
Мен батыр ұрпағыңмын,
Қыран боп шарлаймын
Қалғанша қасық қаным,
Жанымды арнаймын

Ән ұран әуелесін,
Отаным от шырым
Алашым биік болсын,
Әр дайым шоқтығың
Көгімде тұра берсін,
Желбіреп көк туың оууу

Қайырмасы:
Алға, алға, ақ сұңқар арландарым,
Тай салмас тарландарым
Бабамнан қалған барын ооо
Қорға.....аааа








Олжас Абай ft. Әсет Есжан, Олжас Абай ft. Асет Есжан, Алға, Алга mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

гулья

12 Қыркүйек 2016

жарайсыңдар

Каирбек Карбаев

07 Шілде 2017

Өленнің сөзін қалай көшіріп алуға болады???

Admin

Сөзін қосқан

06.09.2016