Жүрегімді тоқтатпа сөзі

Нұрмұxаммед Жақып

2019

3
0

Бөлісу:



Анашым-ау сəбиіңді қалдырма
Əкетайым бізді жалғыз қалдырма
Не деп жауап бересіңдер күні ертең
Ақіретті бір Алланың алдында
Əкешім-ай!!!

Анашым-ау маған зиян келтірме
Ішіңдегі періштеңді өлтірме
Бір перзентке зар болып жүр қанша адам
Мұндай бақыт бұйырмайды əркімге
Анашым-ай!!!

Əкетайым жеңіл ойлы болмаңыз
Құрсақтағы балаңызды қорғаңыз
Отан қорғау отбасынан басталар
Азаматтық ерлік болар сол нағыз
Əкешім-ай!!!

Жан анашым құлыныңа қас қылма
Мөлдіреген жанарыңды жас қылма
Дүрсілдеген жүрегімді тоқтатпа
Жүрегіңнің соғып тұрған астында
Анашым-ай!!!

Əкем анам асылдарым екеуің
Сақтаңыздар өмірім бұл бір менің
Барлық əлем барлық адам түсінсін
Бақыт кілті бір перзентте екенін
Қақым жоқ ғой тумай жатып өлуге
Қақым жоқ ғой жанбай жатып сөнуге
Көргім келер келгім келер меніңде
Бір-ақ рет берілетін өмірге
Тумай жатып өлмесе екен балалар
Мəңгі өкініш болмас екен қателер
Сабилерді сақтаңыздар аналар
Сəбилерді қорғаңыздар əкелер!!!


Нұрмұxаммед Жақып, Нурмуxаммед Жакып, Жүрегімді тоқтатпа, Журегимди токтатпа mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Жасулан Азимов

Сөзін түзеткен

16.02.2019
Қолданушылар