Бөлісу:



Сенің қолың кішкене нәзік қана
Нәзіктіктен тағдырға озып қара
Сенің көңілің мен үшін шалқыған күн
Сенің кеудең мен үшін жазық дала

Тоғыстырды жылдардың жолы бізді
Күдік бізден мәңгілік қолын үзді
Қарсы алдымда күлімдеп тұрсың міне
Көкірегіңе күдік көп үміт толып ізгі

Қайырмасы
Арман құсым сенімен адал түсім
Саған теңдес мен қайдан табам мүсін
Жылдар бойы көркіңе көз байлаған
Алғашқы іңкәр махаббат аманбысың

Мүмкін әлі күшім кеміс балып
Айқындалып келеді түсім жанып
Саған күнім мәңгілік қарыздармын
Маған шексіз сенгенің үшін ғана

Қайырмасы
Арман құсым сенімен адал түсім
Саған теңдес мен қайдан табам мүсін
Жылдар бойы көркіңе көз байлаған
Алғашқы іңкәр махаббат аманбысың

Нұрлыбек Аманов, Нұрсұлтан Карабалиев, Нурлыбек Аманов, Нурсултан Карабалиев, Арман құсым, Арман кусым mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

09.04.2019
Қолданушылар