Махаббат мейрамы сөзі

Нұрлан & Ерке

2017

3
0

Бөлісу:



Не деген ғажайып күлімдегенің
Айдайын толыксып дірілдегенің
Айталмай сырымды күбірлегенің
Асылым аяулым.
Не деген жақсы еді жаным дегенің
Аяулым арманым əнім дегенің
Сағынсам қасымнан табыл дегенің
Асылым ардағым.
Қайырмасы:
Қолыңды берші жүзік салайын
Жаныма келші алқа тағайын
Тілегің қабыл болсыншы жаным
Қолыңа бақыт қонсыншы жаным
2рет
Жасыл бағым -ау асыл жарым -ау
Аяулы арманым.
Жұлдыздай көгімде жанған арманым
Аққудай қолыма қонған арманым
Өмірлік жарым деп таңдап алғаным
Өзіңсің аяулым.
Аққуға баласаң сыңар болайын
Мойныңа тағылған тұмар болайын
Əніңе мəңгілік кұмар болайын
Асылым ардағым.
Қайырмасы: 2 рет
Нұрлан & Ерке, Нурлан & Ерке, Махаббат мейрамы, Махаббат мейрамы mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

23.01.2018
Қолданушылар