Туған жер сөзі

Нұрлан Бегайдаров

Туған жер

0
0

Бөлісу:


Бұл жердің қымбат маған топырағы,
Биік тау, ауылымның шоқылары.
Өзіңнен жырақ кетсем сапар шегіп,
Сағыныш туған жерге шақырады.
 
Қайырмасы:
Туған жер,
Жайнаған сұлу өлке мәңгі мекен,
Мен сені құрмет қылып ән қып өтем.
 
Туған жер, жүрегімнің төріндесің,
Білемін ырысыңның төгілмесін.
Арман ғой сендей жерде өмір сүру,
Қашан да жұмақ болып көрінесің.
 
Қайырмасы:
Туған жер,
Жайнаған сұлу өлке мәңгі мекен,
Мен сені құрмет қылып ән қып өтем.
 
Туған жер кесіп берген тұсауымды,
Мен сенің аңсап тұрам құшағыңды.
Жер-ана, бауырың да сезеді ғой
Қиялмен саған күнде ұшарымды.
Нұрлан Бегайдаров, Нурлан Бегайдаров, Туған жер, Туган жер сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

22.01.2016