Сөзі
Сәлем, Қазақ даласы, далам менің,
Сая таулы, самал жел, саумал көлім.
Жер асылы, думанды, бақытты елім,
Әнім-жырым арналсын саған елім.
Қайырмасы:
Саған сәлем берем мен,
Әнмен, әсем өлеңмен.
Бірге жасап келем мен,
Сендей күшті зор елмен.
Өз балаңмын, ұлыңмын,
Бақытыңа кенелген.
Саған сәлем беремін,
Бақытты елім, ер елім
Жазық жайлау, егінжай,
Көз жеткісіз көлемің.
Сенің әнім салғаным,
Сенсің шырқар өлеңім.
Сәлем, саған қадірлі Қазақстан,
Алыстарға атағың самғап ұшқан.
Сен зымырап алдағы жақсы күнге,
Ән салайын тынбайын мен дауыстан.
Қайырмасы:
Саған сәлем беремін,
Бақытты елім, ер елім
Жазық жайлау, егінжай,
Көз жеткісіз көлемің.
Сенің әнім салғаным,
Сенсің шырқар өлеңім.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).