Саржайлау сөзі

Нұрғиса Тілендиев , Рано Еркімбек

Саржайлау

0
0

Бөлісу:


Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем


Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым



Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!


Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым



Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы еді ғой сағынып аңсағаным
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын


Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым



Жанымды жырға бөлеп таң атырған
Әкем едің ақ таңда жаратылған
Төліңнен айналайын жаңа туған!
Айналайын еліңнен дара тұрған!


Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым

Нұрғиса Тілендиев
Нұрғиса Тілендиев, Рано Еркімбек, Нургиса Тилендиев, Рано Еркимбек, Саржайлау, Саржайлау сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

28.10.2015