Ғашықпын сөзі

Нұрболат Абдуллин

2017

17
2

Бөлісу:



Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе,
Жүрегі еттен бе,
Әлде қоладан ба?!
О, тәңірім!

қайырмасы:
Ғашықпын оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
О, тәңірім!

Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
О, тәңірім!

қайырмасы:
Ғашықпын оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
О, тәңірім!

Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе,
Жүрегі еттен бе,
Әлде қоладан ба?!
О, тәңірім!
нұрболат, абдуллин, нурболат, абдулин, nurbolat, abdullin, abdulin, , Ғашықпын, Гашыкпын mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Алма Алмагамбетова

Сөзін түзеткен

26.06.2017
Қолданушылар