Екі жирен сөзі

Нұрболат Абдуллин

Екі жирен

8
0

Бөлісу:



Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Ауылыңа барушы едім даламенен
Түскенде сен есіме беу қарағым
Сағынып сарғаямын-ай санаменен
 
Екі жирен, жалын түйген
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген
 
Ей, құрбым, сөз сөйлейін көрген жайдан
Айтпаймын күндер үз деп ақ сұңқардан
Көңілімде еш дауалық болмаған соң
Бойымда толып жатыр арыз, арман
 
Екі жирен, жалын түйген
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген
нұрболат, абдуллин, нурболат, абдулин, nurbolat, abdullin, abdulin, , Екі жирен, Еки жирен mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Marzhan

Сөзін түзеткен

08.06.2018
Қолданушылар

GM