Ақбұлақ (Жарқамыс) сөзі

Нұрболат Абдуллин

2017

6
0

Бөлісу:



Күндіз-түні бір тынбай
Дала кезген шапқылап
Құмар едім өзіңе
Бала кезден, Ақбұлақ
Әнге бөлеп маңайды
Асып-тасып жатасын
Ақ моншақтан аспанға
Шашу шашып жатасың


[Қайырмасы]
Сенің келіп жағаңнан
Анам талай су алған
Сенің келіп жағаңнан
Әкем атын суарған
Айналайын, Ақбұлақ
Асыр салғам жағаңда
Сенен артық өлкені
Бұл әлемнен табам ба!


Арудайын еркелеп
Мың бұралған, Ақбұлақ
Айдын көктен ғышық боп
Күнді ұрлаған, Ақбұлақ
Сен болмасаң қыр гүлі
Ашылмайды, Ақбұлақ
Саған деген құмарым
Басылмайды, Ақбұлақ


[Қайырмасы]
Сенің келіп жағаңнан
Анам талай су алған
Сенің келіп жағаңнан
Әкем атын суарған
Айналайын, Ақбұлақ
Асыр салғам жағаңда
Сенен артық өлкені
Бұл әлемнен табам ба!


Шексіз жатқан жерімді
Сүйіп келіп жатасың
Бойындағы барыңды
Жиіп беріп жатасын
Тынбай кезсем даламның
Атырабын, Ақбұлақ
Тұнығыңа ойымды
Батырамын, Ақбұлақ


[Қайырмасы]
Сенің келіп жағаңнан
Анам талай су алған
Сенің келіп жағаңнан
Әкем атын суарған
Айналайын, Ақбұлақ
Асыр салғам жағаңда
Сенен артық өлкені
Бұл әлемнен табам ба!


Ақ бұлақ
нұрболат, абдуллин, нурболат, абдулин, nurbolat, abdullin, abdulin, , Ақбұлақ (Жарқамыс), Акбулак (Жаркамыс) mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

30.01.2017
Қолданушылар