Нұр-Мұқасан Махаббат мәңгі ертегі (0) mp3 жүктеу тыңдау, сөзі

Махаббат мәңгі ертегі сөзі

Нұр-Мұқасан

Махаббат мәңгі ертегі

9
1

Бөлісу:



Махаббат деген қандай-ды,
Қарасаң көзің талмайды.
Сағынған жанға жете алмай,
Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды...
 
Қайырмасы:
Ғашықсыз өмір – өмір ме,
Егілме, жаным, егілме.
Көктегі күнге қол созған,
Не дерсің мынау,
Не дерсің мынау көңілге?
 
Күлерсің-дағы жыларсың,
Жыларсың-дағы шыдарсың.
Жазылмас дерттің дауасын
Жаным-ау, кімнен,
Жаным-ау кімнен сұрарсың?
 
Махаббат – өмір ғажабы,
Алқызыл гүлдей ажары.
Сүйемін жеген жалғыз сөз
Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады.
 
Қайырмасы:
Махаббат – мәңгі ертегі,
Көңілдің күйін шертеді.
Ертіп жүрсең, шіркін-ай,
Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені.






GM

Сөзін қосқан

21.10.2015