Бақыт деген сөзі

Наурыз & Назымгүл

2018

0
0

Бөлісу:



Айтшы жаным бақыт деген не?
Бақыт деген саған жетер жол
Бағаласаң мейлі аяулы
Білесіңбе бақыт деген сол
Айтшы сəулем бақыт деген не?
Бақыт деген сенің көздерің
Алыс жүрсең мені сағынып
Асығатын үйге кездерің

Қайырмасы
Қос аққудай еске салайық
Қол ұстасып бірге болайық
Бағымызды бағалайық
Қос жұлдыздай бірге жанайық
Асылымсың,ардағымсың маған лайық
Бағымда сенсің жанымда сенсің

Айтшы жаным бақыт деген не?
Бақыт деген сенсің нəзігім
Күндей күліп тұрса жанарың
Шын бақытты содан табамын
Айтшы сəулем бақыт деген не?
Бақыт деген сенсің тірегім
Қорғаным боп сен аман жүрсең
Шын бақытты сол деп білемін

Қайырмасы
Қос аққудай еске салайық
Қол ұстасып бірге болайық
Бағымызды бағалайық
Қос жұлдыздай бірге жанайық
Асылымсың,ардағымсың маған лайық
Бағымда сенсің жанымда сенсің



Наурыз & Назымгүл, Наурыз & Назымгул, Бақыт деген, Бакыт деген mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

17.05.2018
Қолданушылар