Алғашқы махаббат сөзі

Нәби Аймұратов

Алғашқы махаббат

3
0

Бөлісу:


Енесей мен Еділді шатыстырып картадан
Ең алғашқы махаббат басталады партадан
Күндей таза көңілі қардай аппақ парақтан
Ең алғашқы махаббат басталады сабақтан    
 
Кешпегендер басынан сенбе мейлі сен мейлі
Ең алғашқы махаббат бірін-бірі көрмейді
Айта алмас ем ертедеп айта алмас ем кеш деп мен
Ең алғашқы махаббат басталады мектептен   
 
Бәйшешекте бүр жарып бұзып жарып сен тоңды
Ең алғашқы махаббат болу керек ең соңғы
Болар бәлкім қамалып болар бәлкім қақ басып
Ең алғашқы махаббат махаббаттың патшасы   
 
Қ-сы:
Енесей мен Еділді шатыстырып картадан
Ең алғашқы махаббат басталады партадан
Күндей таза көңілі қардай аппақ парақтан
Ең алғашқы махаббат басталады сабақтан 
Нәби Аймұратов, Наби Аймуратов, Алғашқы махаббат, Алгашкы махаббат сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

20.10.2015